Ауданымызда жақын арада ашылған «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» ел игілігіне берілгені белгілі. Орталықта аудандық тарихи-өлкетану музейі, аудандық мұрағат, кітапхана, жастар орталығы және үкіметтік емес ұйым кеңселері орналасқан.
Апталықтың екінші күні Арал көпсалалы колледжінің студенттері Арал аудандық тарихи-өлкетану музейіне танымдық мақсатта экскурсия жасап қайтты.
Іс-шараның мақсаты – туған өлкенің тарихымен танысу және мәдени мұраны қадірлеуге тәрбиелеу.
Музей қызметкерлері студенттерге Арал өңірінің бай тарихы, табиғаты, экологиясы және мәдени құндылықтары туралы мазмұнды мағлұмат берді. Студенттер қазақ халқының тұрмысына қатысты жәдігерлерді, ежелгі құрал-саймандар және Арал теңізінің тарихына қатысты экспонаттарды тамашалады.
Экскурсия барысында студенттер тарихи деректерге қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, әсерлі сәттерді естелікке фотоға түсірді. Бұл іс-шара студенттердің рухани дамуына және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға өз үлесін қосты.

