Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы,қыздар ұйымының төрайымы Жүсіпова Ғалияның ұйымдастыруымен “Қыздар әдебі және қоғамдағы рөлі” тақырыбында ашық алаң форматында тағылымды кездесу өткізді. Мақсаты: * қыз балаларға ұлттық тәрбие мен қыз әдебінің маңызын түсіндіру * қоғамдағы қыз баланың рөлі мен жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру. Шара барысында Ғ.Жүсіпова қыз баланың бойындағы әдептілік,инабаттылық,жауапкершілік пен өзін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және олардың қоғамдағы рөлін түсіндірді. Аталған шараға колледж медбикесі Г.Құрманиязова,психолог Ф.Усенова,ұлағатты ұстаздар Г.Жұмағалиева,А.Байымбетовалар қатысты. Кездесу барысында қыз баланың әдебі,тәрбиесі,денсаулығы мен қоғамдағы рөлі туралы маңызды ойлар айтылып,пайдалы кеңестер берілді.Ашық алаң форматында өткен шара студент қыздардың өз пікірлерін еркін білдіруіне мүмкіндік жасап,олардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті. Инабатты,білімді,мәдениетті қыз-болашақтың жарқын кепілі.
https://aral-akk.edu.kz/en/allcategories-en-gb/12-2018-12-18-06-54-54/559-aral-k-psalaly-kolledzhini-o-ytushysy-yzdar-jymyny-t-rajymy#sigFreeIdd78c8f3d9a
