Астана қаласында өткен халықаралық конференция
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы МҚКК-нің ұйымдастыруымен және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен өткен «Оқытудағы жаңа мүмкіндіктер: функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллект интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Г.Абишева және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М.Аралбекқызы қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде танытты.
Нәтижесінде әріптестеріміз Алғыс хатпен және сертификатпен марапатталып, ғылыми мақалалары конференция жинағына енгізілді.
Әріптестерімізге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Created: 28 March 2026
5

