Создано: 11 июня 2024
104

Сенбілік – бұл игі дәстүр

Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған қаламызды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына 30 наурыз күні Арал көпсалалы колледж ұжымы бір кісідей атсалысып маңайды қоқыстан тазартып, қоқыс - қалдықты шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар колледж студенттерінен жасақталған «Еріктілер» тобы қала орталығына тал көшеттерін отырғызу жұмыстарына жұмыла кірісіп, белсенділік танытты.