Создано: 26 ноября 2025
26

Апталықтың ашылуындағы спорттық-ұлттық бағыттағы көңілді эстафета

Апталықтың алғашқы күні көңілді эстафета түрінде ұйымдастырылып, спорттық командалық сайыстардан тұрды. Эстафета ұлттық ойын элементтерімен байытылып, студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға бағытталды.

Эстафета келесі ұлттық ойын түрлерінен құралды:

1. «Тымақ ұру» – шапшаңдық пен дәлдікті қажет ететін, ұлттық дәстүрге негізделген қызықты жарыс.

2. «Қамалды қорғау» – топтық ұйымшылдық пен тактикалық ойлауды дамытатын командалық сайыс.

3. «Ләңгі жарысы» – аяқ үйлесімділігі мен ептілікті талап ететін ұлттық спорт ойыны.

4. «Теңге алу» – шапшаңдықты, реакцияны және икемділікті тексеретін жарыс түрі.

Бұл сайыстар студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дене белсенділігін, командалық қарым-қатынасын және спорттық мәдениетін нығайтуға ықпал етті.