№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Колледж тарихы | ![]() |
«Арал көпсалалы колледжі» мемлекеттік мекемесі 23.12.1959 жылы Арал ауданы Сульфат поселкесінде №169 селолық кәсіптік-техникалық училищесі, 1989 жылы экспериментальды-тірек училищесі, 1993 жылы №16 Арал жоғарғы кәсіптік-техникалық лицей, 1998 жылы №2 кәсіптік-техникалық лицейі болды. Бүгінде жарты ғасырдан астам тарихы бар оқу орнының атаулары әр мезгілдерде өзгеріп отырған.2002 жылы№2 Арал кәсіпті лицейі болып аталды.
№2 кәсіптік лицей Қызылорда облысы әкімдігінің «Кейбір білім беру мекемелерін қайта атау туралы» 2012 жылғы 07 тамыздағы №527 қаулысына сәйкес «Аралкөпсалалы колледжі» 2013 жылғы 11 қаңтарда Заңды тұлға мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.
«Арал көпсалалы колледжі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» 2013 жылғы 30желтоқсандағы №435 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта құрылды.
«Арал көпсалалы колледжі» мемлекеттік мекемесінің негізгі оқу-тәрбие жұмысындағы басты міндеті және стратегиялық міндеттерінің бірі – «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» негізге ала отырып, бәсекелестікке және нарықтық экономика жағдайларына төзе білетін білікті да білімді, жоғары сапалы жұмысшы мамандарды даярлау болып табылады. «Аралкөпсалалы колледжінің басты мақсаты- білім беру жүйесін заман талабына сай жақсарту және жетілдіру, бірпрофильді мамандықтардың білім бағдарламаларын сәйкестендіру, дуалды оқыту жүйесін ендіру болып табылады. Колледждің мекен-жайы: 120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Ж.Әбілжанов№16 А, байланыс телефондары: 8 (72433) 2-60-30, 2-64-18, 2-59-72
Қызылорда облысы бойынша білім саласын бақылау департаменті білім беру қызметін жүргізуге қайта рәсімдеп берген мемлекеттік лицензия №14005604, 22.04.2014 жылышектеусіз мерзімге берілген мемлекеттік лицензиясының қосымшасына өзгерістер енгізілу негізінде 9 мамандық 10 біліктілік бойынша жүргізіледі.Төмендегі мамандықтар бойынша: 1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; 0518000 Есеп және аудит; 0513000 Маркетинг (салалары бойынша; 1504000 Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша); 0901000 Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары;1501000 Ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу; 1510000 Ауыл шаруашылығын механикаландыру; 1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану; 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Осы мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, типтік оқу жоспарлары, оқу жұмыс жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары, оқу жұмыс бағдарламалары бар.
Колледждің жеке ғимараты бар. Арнайы оқу дәрісханалары тиісті компьютерлік қондырғылар және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар колледжде акт залы, спорт зал, асхана,медициналық қызмет көрсету бөлмесі ұйымдастырылған.
Білім беру қызметі күндізгі нысанда жүргізіледі.
Оқу-тәрбие және ғылыми-ізденіс жұмыстарды талаптарға сәйкес ұйымдастыру үшін, колледждетөмендегі жұмыстар ұйымдастырылған:
- Оқу- өндірістік;
- Оқу-ісі;
- Есеп бөлімі;
- Кадр және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі;
- Әкімшілік-шаруашылық бөлімі;