Created: 05 Маусым 2020
771

Ішкі тәртіп ережесі

 
«Арал көпсалалы колледжі ішкі тәртіп Ережесі»
 
    Осы ішкі Ережелері Қазақстан Республикасының білім туралы заңдылықтары жіне колледж Жарғысы негізінде әзірленіп, ішкі тәртіп Ережелерінің негізгі мақсаты Арал көпсалалы колледжі мен жатақханадағы еңбек және құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, еңбек және оқу кестесінің құрылуы, еңбек және оқу тәртібін нығайту, оқу үрдесінің ұйымдастырылуын жақсарту және еңбек пен оқу уақытын тиімді қолдану болып табылады.
Колледждің еңбек және оқу тәртібін оқытушылар құрамының, қызметкерлердің, жұмысшылардың, оқушылардың жауапкершілікпен орындауы, олардың тиімді еңбектері мен сапалы оқуларының негізгі шарты болып табылады.
Колледждің барлық жұмысшылары мен білім алушылары Ережелерді орындауға міндетті;
Колледж ТЖКБ МЖМС негізінде белгіленген мерзімдерімен сәйкес, мамандарға сай, Арал ауданындағы және жалпы Қазақсатандағы мекемелер өндірістерге арнап білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
Колледжде өткізу жүйесі орнатылған. Оқу ғимаратына оқытушылар өткізу қағаздары, оқушылар студенттік билетпен және жатақханаға өткізу қағазы бойынша жіберіледі.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.
Сабақтар бір ауысымда жүреді. Сабақтың басталуы: 8:30-да. Сабақтың алдында қоңырау екі рет соғылады, біріншісі сабақ басталардан 2 минут бұрын оқушылар үшін ескертпе қоңырауы және екіншісі оқытушылар үшін соғылатын қоңырау.
Бір Сабақтың ұзақтығы оқу орындары мен ұйымдарының бекітілген нормативтермен және оқу ұйымдарында қолданылатын оқу технологияларына сәйкес.
Оқытушылар мен оқушылар сабаққа дайындалу және аудиторияны сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.
Оқу үрдісі оқу кестесі үрдісінің негізінде іске асады.
Білім алушыларды колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз колледж аумағынан тыс жерге алып кетуге тыйым салынады.
Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік өкілі, шаруашылық қызметі және кезекші топ жауап береді.
Колледжде болған уақытында әр білім алушы өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапершілікті өзіне алады.
Колледжге спирттік ішімдік ішіп келген жағдайда оқытушылар жұмыстан шығарылады, ал оқушылар оқудан шығарылады.
Колледж территориясында шылым шегуге, түкіруге, қоқыс тастауға және басқа құқыққа қарсы нәрселер жасауға қатаң тыйым салынады.
Колледж мүлкін құртқан жағдайда оқушы оны бастапқы күйдегідей қалпына немесе нарықтық бағасын төлейді. Кінәлі анықталмаған жағдайда жауапкершілікті кезекші топтың жетекшісі және кабинет жетекшісі көтереді.
Гардероб нөмірі жоғалған жағдайда оқушы оның нарықтық бағасын төлейді.
Колледждегі немесе жатақханадағы мүлікті тартып алушылық, тәртіп бұзушылық, төбелес жағдайлары орын алған жағдайда білім алушылар оқудан шығарылады.
Колледж оқытушылары мен оқушылары кезекші оқытушының топтың және колледждің қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің талаптарын орындауға міндетті.
Колледж қабырғасында оқу ғимаратында және жатақханада оқытушыларға, жұмысшыларға және оқушыларға және саяси партиялар мен басқа қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламаларын, жарғылық талаптары мен ұстанымдары бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады.
Колледждің оқытушылар, жұмысшылары, және білім алушылары осы берілгенЕрежелермен міндетті түрде танысулары керек. Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік мынадай талаптарды қоюға құқылы:
Жеке басының куәлігі мен төлқұжаты:
Мекендеу қағазы немесе азаматтығы жоқ тұлғанын жеке куәлігі (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаға, Қазақстан Республикасының аумағында үнемі тұратындығы);
Арнайы білімді, дағдыны талап ететін еңбек шартын жасасу үшін кәсіптік дайындығы мен арнайы біліктілігін растайтын құжаттар, білім туралы құжаты;
Еңбек кітапшасы (еңбек өтілі бар тұлға үшін);
Әскери есептік құжаты (әскери міндетті және әскери қызметке шақырылатын тұлғалар);
Медициналық тексерістен өткендігін куәландыратын құжаты;
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодының куәлігінің көшірмесі;
Жұмысқа қабылданушылардың Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен анықталған мерзімге сай еңбек келісімін жасайды;
Жұмысқа алынар кезде әкімшілік мынадай құқықтарға ие;
Жұмысқа алынар кезде жұмысшының кәсіптік жарамдылығын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 36 бабының 1 тармағына сәйкес, 3 айдан көп емес мерзімге сынақ өткізуге;
Еңбек келісім шарты жазбаша түрде екі данадан кем емес болуы керек және оған тараптар қол қояды. Еңбек келісім шартының бір данасы жұмыс берушіде және бір данасы жұмысшыда сақталады. Жұмысшының Еңбек келісім шартының бір данасын алғанын жазбаша түрде растайды.
Жұмысқа қабылдану Еңбек келісім шартының негізінде директор бұйрығымен рәсімделеді және жұмысшыға қол қою арқылы жария етіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік:
Колледж жарғысымен және ішкі тәртіп Ережелерімен таныстырады;
Техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғаудың басқа да ережелерімен нұсқаулық жүргізеді.
Жұмысқа алғашқы қабылданып, 5 күннен артық артық жұмыс істеушіге енгізілген заңдылық негізінде еңбек кітапшасы арналады. Сағаттық төлем шары бойынша жұмыс істеушіге, егер бұл жұмысы негізгі жұмыс болса, еңбек кітапшасы ашылады.
Еңбек келісім шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстырылуы тараптармен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32 бап 1 тармағымен қарастырылған тәртіп негізінде, жазбаша түрде іске асады.
Еңбек келісімнің тоқтатылуы қарастырылған тәртіп негізінде және келісім шартта көрсетілген негіз бойынша орындалады.
Еңбек келісімнің тоқтатылуы колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді. Жұмысшының жұмыстан шыққан күнінде (жұмысының соңғы күні жұмыстан шыққан күні болып есептеледі) оған жұмыстан шыққаны туралы жазуы бар еңбек кітапшасы тапсырылады және есеп айырысу жүргізіледі. Еңбек кітапшасындағы жұмыстан шығуының себебі туралы жазу заңдылық негізінде, заңдағы баптарға сүйене отырып жүргізілуі тиіс. Оқушыларды оқуға қабылдаудың және шығарудың тәртібі
Колледжге оуға тусуге Қазақстан Республикасының толық емес орта, және арнайы оқу орнын бітірген азаматтары құқылы;
Оқуға түсу үшін азаматтар қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды көрсетеді:
Жеке куәлігі (төлқұжат);
Білімі туралы туралы құжаты (түпнұсқа);
№086-У үлгідегі медициналық анықтамасы;
3*4 фотосуреттің 6 данасы;
Жазылым куәлігі;
Мекен-жай туралы анықтамасы (мекен-жай бюросынан);
Жетімдер (растайтын құжаттар);
Оқуға қабылдауды директордың бұйрығымен рәсімделеді.
Оқушыларды колледжден шығару келесі негізде:
Бір семестрде оқу сабақтарын себепсіз 36 сағат көлемінде қалдырса;
Академиялық үлгермеушілігіне байланысты;
Колледждің ішкі тәртіп Ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған жағдайда;
Медициналық анықтамасы негізінде, денсаулығына байланысты; Өз еркімен;
Құқық бұзушылықтары үшін полицияға шақыртылған жағдайда;
Оқу бөлімінде және жатақханадағы мәжбүрлеушілік, тәртіп бұзушылық, төбелес жағдайлары орын алғанда іске асырылады.
       Колледж оқушыларының жатақханада орналауы және шығарылу тәртібі
Колледж директорының атына жатақханада тұруға мұқтаж екендігі туралы жазылған өтініш бойынша;
директордың тәрбие ісі орынбасарының жолдамасы бойынша;
Жатақханада тұрғаны үшін ақша төленген жағдайда;
Жеке құжатын көрсеткен жағдайда (төлқұжат), білім алушы жатақханаға орналастырады.
Колледж жатақханасынан білім алушы келесі негізде шығарылады:
Тұрғанына байланысты уақытылы төлемақысын төлемегені үшін;
Колледждің ішкі тәртіп Ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған жағдайда;
Медициналық анықтамасы негізінде денсаулығына байланысты:
Өз еркімен:
Бөгде адамдарды жатақханаға себепсіз кіргізгені үшін
Жатақхананың қоғамдық, ғылыми және мәдени өміріне белсенді қатысуға ниетті болмаған жағдайда;
Ұлттық және жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарға құрметпен қарамағанда;
Жатақханаға кесетін, түйрейтін, жарылғыш-қопарғыш заттарды, газ баллондарын және оқпен аталатын қарауларды әкелгені үшін;
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаганы үшін;
Жатақхана жеке мүлігіне (шкафтар;көрнекі құралдар, кітаптар, графиндер,құрал-жабдықтар) ұқыпсыз қарағаны үшін.
Оқушылар мен жұмыстардың негізгі міндеттері
Колледж жарғысы және директор бұйрығын, еңбек, ұжымдық келісім шарттарға сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
Еңбек тәртібін сақтау;
Еңбек қорғау, өндірістіктазалық, өрт қауіпсіздігін және технологиялық тәртіп талаптарын қатал түрде орындауға;
Колледж мүлігіне және жұмысшыларына, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп туралы дер мезгілінде хабарлауға;
Қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын өзіне белгілі деректерді жария етпеуге;
Ішкі тәртіп Ережелерін шынайы және дұрыс орындауға;
Аудитория мен қызметтік бөлмелерінің кілттері оқытушыларға тек журналға тізімделіп ғана беріледі (кілтті күнделікті кезекшілерге оқытушылардың өздері өткізуге міндетті). Оқушыларға кілт беруге тыйым салынады. Айдиториялар мен оқу бөлмелерінің кілттерінің сабақтан кейін өткізілуін оқытушылар көтереді. Егер оқу бөлмесінде соңғы сабақтар болмай, бірақ есік жабылмай қалса, шам сөндірілмеген жағдайда кезекші оқытушы немесе күзетші жауапкершілікті көтереді.
Лауазымдық міндеттерін өз уақытында және сапалы түрде орындау;
Оқы ғылыми және өндірістік жабдықтарды, аппаратураларды, материалдарды, кітап қорын, мүліктерді сақтау және тиімді қолдану;
Жұмыс орнын тазалықта және тәртіпте ұстауға;
Белгіленген заңдылық аясында жұмыс берушіге келтірілген залалды орнына келтіруге міндетті.
Қызметкерлер директордың нұсқаулықтарын және колледж педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға міндетті.
Колледжде өткізілетін іс-шараларға және циклдық комиссиясының оқу әдістемелік жұмыстарына қатысуға;
Колледж медбикесіне медициналық байқаудан өткені туралы анықтаманы уақытылы өткізуі керек. Медициналық байқаудан өтпегендер жұмысқа жіберілмейді.
Педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;
Оқушылар мәртебесін құрметтеуге; Салауатты өмір салтын сақтау және оны уағыздауға;
Оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау көрсету. Топтың жетекшісі және өндірістік оқу шеберлері оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын, қалған уақытын өтеуін, колледждің және жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерінің орындалуын қадағалап бақылайды оқу тобының Ережесі негізінде. Оқу тобының жетекшісі және өндірістік оқу шеберлері оқу кабинеттерінің меңгерушісі және шеберханалардың тазалық жағдайына және мүліктерінің сақталуына бақылау жасайды. Өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жұмысшылар Қазақстан Республикасының Заңнамалары және берілген Ережелердің, колледж Жарғысының негізінде жауап бередіОқушылардың негізгі міндеттері:
Колледж білім алушылары міндетті:
Мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындауға;
Сабақтан қалмуға және кешікпеуге;
Колледжге талап етілетін кимде келуге;
Ұялы телефон ұстауға болмайды;
Колледжге спорттық немесе джинсылық киімде келуге болмайды, тек спорттық мерекелерге, іс-шараларға ғана спорттық киім киюге болады;
Колледждің және жатақхананың Жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін сақтауға;
Колледж әкімшілігінің бұйрықтарына, Үкіметтің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің басқа да атқарушы ұйымдарының өкімдеріне бағынуға міндетті. Колледждің білім алушыларына мемлекеттік және әкімшілік ұйымдары, колледж әкімшілігі рұқсат етпеген іс-шараларға қатысуға (митингілер, шерулер және ереуілдер т.б.) рұқсат етілмейді.
Сабақтан қалған сағаттар сабаққа келген күннен бастап, он күн көлеміінде (егер ол жатақханадағы кезекшілік немесе әсери комитетке барған күндері болмаса) өтелуі керек. Сабаққа кешіккендері де сабақтан қалғанына саналып, ол да орнына келтірілуі тиіс. Орны өтелмеген пәндер бойынша қанағаттандырарлық емес баға қойылады.
Аттестация барысы немесе емтихан кезінде үш қанағаттандырарлық емес баға алған жағдайда білім алушы колледжден шығарылады. Бір немесе екі қанағаттандырарлық емес баға алған білім алушы аттестацияны қайта тапсыруы қажет. (мерзімі педагогикалық кеңесте көрсетіледі.) ал емтихан болса, сессия аяқталған соң, орнатылған тәртіп бойынша тапсырылады. Бір ай ішінде себепсіз жағдайда қанағаттандырарлықсыз бағасын жоймаған білім алушы колледжден шығарылады.
Ауырғаны бойынша немесе басқа да себепті жағдай бойынша, сабаққа келмеген білім алушы үш күн ішінде директордың оқу ісі бойынша орынбасарын немесе топ жетекшісіне және өндірістік оқу шеберлеріне хабардар етуі қажет. Егер оқушы науқастанғанынабайланысты сабақтарды жіберсе, белгіленген үлгідегі амбулаторлық дәрігердің немесе емдеу бөлімнің анықтамасын көрсету керек.
Білім алушының себепсіз оқу сабақтарынан қалғаны үшін 18 сағат болса – ескерту жарияланады; 24 сағат болса сөгіс жарияланады;
36 сағат болса колледжден шығарылады.
Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін орындауы керек.
Әкімшіліктің негізгі міндеттері. Оқу уақыты және оның қолданылуы
Колледждегі оқу сабақтары кесте негізінде қазақ тілінде жүргізіледі.
Оқу кестесі оқу жоспары және бағдарламалары негізінде бір семестрге құрылып, семестр басталуына 10 күн қалғанда ілінеді.
Академиялық сағат 45 минутқа созылады. Сабақтың басталуы мен аяқталуы оқытушылар мен оқушыларға қоңыраудың соғылуы арқылы білдіріледі.
Оқу семестірінің созылуы 40 аптаны құрайды. Семестірдің соңында білім алушылар оқу жоспарлары мен бағдарламасы негізінде емтихандар мен сынақтар тапсырылды. Семестр аралығында күндізгі оқу бөлімі оқушыларына демалыс беріледі.
Оқу топтарындағы барлық оқушылардың ішіндегі ең үздік және тәртіпті оқушылардың бірі топ старостасы болып сайланады.
Топ старостасы топ жетекшісіне және оқу ісі орынбасарларына бағынып, олардың нұсқаулары мен өкімдерін топ оқушыларына жеткізіледі.Мадақтаулар
Өз лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, еңбектегі жаңашылдығы және басқа да жетістіктері үшін жұмысшыларға келесі мадақтаулар қолданылады:
-алғыс жариялау;
-сыйақы беру;
-бағалы сыйлықпен марапаттау;
Жұмысшыға ерекше қызметтері үшін;
-төс белгілеріне, медаль және ордендер;
-құрметті атақ ұсынылады;
Жақсы үлгерімі, үлгілі тәртібі және колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін оқушыларға келесі мадақтаулар қолданылады:
-алғыс жариялау;
-мадақтамаларымен марапаттау.
Мадақтаулар колледж директорының бұйрығымен жарияланады, ұжымның барлық мүшелеріне жеткізіледі және жұмысшының еңбек кітапшасына немесе оқушының жеке ісіне жазылады.
 
Колледж әкімшілігі:
Қазақстан Республикасы еңбек заңдылығы талаптарын, келісімдері, ұжымдық, еңбек шарттарын, олар бойынша шығарылған актілерді сақтауға;
Оқу және еңбек тәртібін нығайтуға;
Оқытушылар құрамы мен колледждің басқа қызметкерлерінің еңбегінің ұйымдастырылуы, олардың лауазымдары мен біліктілігі бойынша тиімді жұмыс істеуіне; жұмысшыларға уақытылы тапсырма беруге, оқытушылар мен білім алушыларға оқу сабақтарының кестесін хабарлауға;
Еңбектің, оқудың және тұрмыстың денсаулыққа қауіпсіз шартын қамтамасыз етуге;
Жұмысшылардың, оқытушылардың техникалық қауіпсіздігін, өндірістік тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтауларын үнемі бақылауға алулары;
Заңдылық қарастырған әлеуметтік жеңілдіктердіжұмыскерлерге ұсынуға; ұжымдық келісімдерді жүргізу, ұжымдық келісім шарттарды жасауға, сонымен қатар олардыңорындалуын бақылау мақсатында жұмысшылардың өкілдеріне толық жәнеанықтаған ақпараттарды беруге;
Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерді, еңбек, ұжымдық келісім шарттар, директордың бұйрығы негізінде жұмысшылардың еңбек ақысын және басқа төлемдерді өз уақытында және толық беруге;
Колледж жұмысшыларының біліктілігін көтеруге;
Қазақстан Республикасынын Еңбек кодексі бойынша қызметкерлердің еңбектігі табыстары үшін материалдық түрде марапаттау, мадақтау, тәртіп жазасын және материалдық жауапкершілік тәртіпке тартуға міндетті.
Аптаның белгіленген күндері қызметкерлер мен оқушыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдауға міндетті.
Жұмыс уақыт және оның қолданылуы
Колледжде қызметкерлер мен әкімшілік үшін 6 күндің жұмыс уақыты қарастырылған;
Жұмыс күні 8.30-ден 17.30-ге дейін
Түскі үзіліс 13.0-ден 15.30-ге дейін
Сенбі күні 8.30-ден 13.30-ге дейін (үзіліс)
Оқытушылар құрамы үшін 7 сағаттық жұмыс күні, сенбі күні 5 сағаттық жұмыс күні орнатылған. Жұмыс мерзімінде оқытушылар оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының барлық түрлерімен айналысулары керек;
Оқу топтарындағы өткізілетін сабақтары мен жүктемесін қосқанда. Штаттағы колледж оқытушылары жұмыс орындауындакүнделікті сағат 8.30-ден 17.30-ге дейін болулары керек.
Колледж қызметкерлері және әкімшілік-шаруашылық қызметшілердің жұмыс уақыты аптасына-40 сағатқа созылады.
Оқытушылар құрамының, жұмысшылардың және қызметкерлердің қосалқы жұмыс атқарулары негізгі жұмыстан бос уақытында өтуі керек.
Жұмысшылардың басқа топтарына, директор орынбасарларына, кадр бөлімінің меңгерушісіне, коменданттар мен жатақхана тәрбиешілеріне жұмыстың басталуы мен аяқталуының басқа мерзімі орнатылуы немесе нормадан тыс жұмыс уақыты орнатылуы мүмкін.
Кадр бөлімнің меңгерушісі, қызметкерлер мен жұмысшылардың жұмысқа келулері мен кетулерінің есебін күнделікті жүргізіп, айдың соңында оқу уақытының есебінен табелін бөлім басшылары арқылы колледж бухгалтериясына өткізулері керек.
Колледж жұмысшыларының еңбек демалысы кестелері күнтізбелік жылға құрылып, жұмысшылардың барлығына хабарлануы керек. Оқытушылар құрамына еңбек демалысы жазғы демалыс уақытында беріледі.
Колледж екі айда бір рет өткізілетін негізгі іс-шаралар;
Педагогикалық кеңес;
Қажеттілігіне байланысты кіші өндірістік кеңестер;
Айдың төртінші аптасының сейсенбісінде топ басшыларының отырысы;
Әдістемелік кеңес, циклдық комиссия отырыстары айдың 4-аптасында (сәрсенбі);
Әр дүйсенбі сайын директор орынбасарларының директордағы өндірістік кеңесі;
Әр аптаның бейсенбі күні директор орынбасарларының отырысы;
Әр жұма сайын оқу топтарында сынып сағаттар;
Әр аптаның бейсенбікүні сайын топ жетекшілері мен директор орынбасарларының отырысы;
Әр жұма сайын зертханалар, шеберханалар және қосымша аймақтар оқу полигондар кеңейтілген тазалығның ұйымдастырылуы;
Әр сенбі сайын колледж төңірегіндегі сенбіліктер мен тазалау жұмыстары ұйымдастырылады;
Ата-аналар жиналысы семестр нәтижелері бойынша өткізіледі;
Екі айда бір рет топ жетекшілерінің ӘБ отырысы өткізіледі. Топ старостасының қызмет аясына кіреді
Оқу сабақтарына оқушылардың қатысуын журналға рәсімдейді;
Топ жетекшісі мен оқу ісі орынбасарына оқушысының сабаққа келмеген немесе кешіккен себебін айқындап, баянжазба тапсырады;
Сабақ кезінде оқушылардың тәртіптерін және оқу жабдықтарының сақталуын бақылайды;
Оқушылардың оқулықтар мен оқу құралдарын уақытылы алуын және дұрыс бөлінуін ұйымдастырылады;
Сабақ кестесіндегі болып жатқан өзгерістерді оқушыларға жеткізіледі;
Кезектілік тәртібі бойынша күн сайын оқушылар арасынан кезекші тағайындай;
Топ старостасының нұсқаулары, көрсетілген қызмет аясында, барлық топ оқушылары үшін міндетті болып табылады.
Жазалаулар
Еңбек тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін және еңбек келісімі шарттарын бұзғаны үшін жұмысшыға келесі тәртіптік жазалаулар қолданылады:
-ескерту
-сөгіс;
-қатаң сөгіс;
-ҚР Еңбек кодексімен бекітілген еңбек келісім шартын директор бастамасымен бұзу.
Оқу тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін оқушыларға келесі тәртіптік жазалаулар қолданылады:
-ескерту
-сөгіс;
-қатаң сөгіс;
-оқу орнынан шығару.
Жазалау қолданылғанға дейін жұмысшы дан немесе оқушыдан түсініктеме алынады. Жұмысшының немесе оқушының жазбаша түрде түсініктеме бермеуі, тәртіптілік жазадан босатпайды; әкімшілік тәртіптік жазалауды тәртіпсіздік анықталған кезден бастап бір ай көлемінде, жұмысшының, оқушының ауырған кезін немесе еңбек демалысын санамағында, қолданылды. Тәртіптік жазалау тәртіпсіздік орын алған 6 ай ішінде орындалуы керек.
Егер колледжге материалды шығын келтірмесе, әрбір тәртіп бұзушылық үшін бір тәртіптік жазалау қолданылады. Бұл жағдайда тәртіпсіздіктің ауырлығы, жағдайлары, алдыңдағы жұмыстар есепке алынады (оқу және жұмысшының, оқушының тәртібі).
Тәртіптік жазалауды колледж директоры жариялайды және жұмысшыға, оқушыға 3 күндік мерзімде хабарланады, содан кейін директор бұйрығымен колледж ұжымына жеткізілді.
Егер тәртіптік жазалау қолданылған бір жыл ішінде, қызметкер және жұмысшы немесе білім алушы жаңа тәртіптік жазалау алмаса, онда ол тәртіптік жазалау алмаған болып саналады. Егер қызметкер және жұмысшы немесе білім алушы жақсы және адал еңбегімен (оқуымен) көрінсе, әкімшілік оған салынған тәртіптік жазалауды қысқа мерзімде алып тастайды.