«Арал көпсалалы колледжі» КҚМК
«Арал көпсалалы колледжінің» қызметі жалпы аймақтың білім беру кеңістігінде колледждің орнын көрсететін миссиясымен анықталады.
Колледж миссиясы: Мемлекеттің және аймақтың тұрақты дамуына тікелей ықпал ету үшін, үздіксіз білім беру мен инновацияны дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жұмысшы маман дайындау.
Пайымдауы: бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлау саласында сапалы білім беру қызметін көрсететін Қазақстан мен халықаралық кеңістікте танымал колледж болу.
Стратегиялық мақсаты: ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде маманның кәсіби дағдыларын игерумен қолжетімді сапалы білім алу.
Колледждің миссиясы ТжКБ жүйесінің даму стратегиясымен толық сәйкес келеді және мемлекеттің даму бағытында жасаған бағдарламаларын қамту мақсатында үнемі жетілдіріліп отырылады.
Колледжінің стратегиялық жоспары 2018-2021 жылдарға арналған оқу үдерісінің құрылымы, мазмұны мен технологияларын өзгертуді қамтитын іс-шаралар кешені.Стратегиялық жоспардың дамуы өткен жылдардағы міндеттерді жүзеге асырудың оң нәтижелерін ескерді. Колледждің материалдық базасы Стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.Стратегиялық жоспар білім алушыларға, оқытушыларға және колледж қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін жасады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дінге қатысты төзімділікті қалыптастыру т.б жүзеге асырылуда.Арал көпсалалы колледжінің стратегиялық жоспары келесі заңнамалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-111 «Білім туралы» Заңы;
-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 ҚРЗ «Еңбек Кодексі»;
-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
-ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен шыққан «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
-«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институттық реформалар – Ұлт жоспары: 100 нақты қадам»;
-Қазақстан Республикасында 2015-2020 жж. Білім беруді реформалаудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру. – Астана, 2014;
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 553 бұйрығы;
Арал ауданының тұрақты әлеуметтік - экономикалық өсуін қамтамасыз ететін білім және еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларын даярлау, кәсіпорындардың, мекемелердің сұранысы бойынша жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау.
Міндеті: - білім беру қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету, елдің ғылыми-техникалық және инновациялық саясатымен білім жүйесіндегі сәйкестігін қамтамасыз ету, үздіксіз білім беру білім қызметін көрсету, колледждің оқу, әдістемелік және материалдық базасын модернизациялау, студенттерге мамандық бойынша кәсіби іс-әрекеттердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету, қажетті тәжірибелік жұмыс үшін жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, кадр құрамын жетілдіру және инженерлік педагогикалық дайындық деңгейін арттыру, колледждің қаржылық қызметін қамтамасыз етуді жетілдіру, колледждің оқыту сапасын басқаруды жүйелендіру, тәуелсіз ұлттық аккредитациялау іс-шарасынан өту.
Білім сапасын саралау үшін сандық сипаттама (мониторинг) жасау қажет. Білім сапасының мониторингі қорытындыларды бағалау.
- Маман дайындау жүйесін жетілдіру;
- Педагогтар мен білім алушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру;
- Колледж дамуының қаржы-экономикалық тетіктерін жетілдіру;
- Тәрбие жүйесін жетілдіру, ақпараттық – білім беру ортасын жетілдіру және дамыту, колледжді басқару жүйесін жетілдіру.
Бітірушілердің тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі және оқуын жалғастырғандар үлесі.