Created: 04 Маусым 2020
750

Кітапхана

📚​«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2024 жылғы 13 наурызда Арал көпсалалы колледжінің Студенттер жатақханасында "Куратор не оқиды" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

♻️Мақсаты: кітапқа деген қызығушылықты жандандыру, студенттердің назарын кітаптарды оқуға аудару. Шараға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Айділдаев, педагог – психолог Ф. Усенова, куратор Р. Ешмұратова кітапханашы Б. Махамбетова және жатақхана қызметкерлері Г. Көпжанова мен Д. Айшауовалар қатысты. Топ кураторы Р. Ешмұратова өзі оқыған кітап туралы ақпарат беріп, авторы мен тақырыбы, өзіне бұл кітап неге ұнағаны, оны неге оқуға ұсынатыны туралы айтты. Шараға қатысушылар өздері оқыған кітаптардан қызықты сәттер мен дәйексөздер келтіріп, қандай кітаптармен өскенін айтты. Соңында олар кітаптарды дұрыс оқып, пайда табуға, ақпарат жинауға және талдауға кеңес берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Әңгіме ашық форматта өтті. #оқуғақұштармектеп #ғылымипедагогикалықкітапхана


📚"Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында 12 наурызда 📖 " Кітап - сарқылмас рухани әлем " тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

📌Мақсаты : Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту, ой - өрісін дамыту, қазақтың көрнекі ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттап, оқырмандардың мейірімділікпен қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке баулу, қайырымдылық көрсете білуге дағдыдандыру. Көрмеде ұсынылған кітаптар: Ең көп оқылған кітаптар; Қазақ фольклорының үздік үлгілері; Шет мемлекеттердегі қазақ әдебиетінің шығармашылығы; Кеңестік кезеңдегі балалар әдебиеті. Ұйымдастырушы Б Махамбетова. #оқуғақұштармектеп #республикалықғылымипедагогикалықкітапхана


📚"Оқуға құштар колледж "жобасын іске асыру мақсатында 28 ақпанда "Ұлылар үндестігі " тақырыбындағы апталықтың үшінші күні " Ұлылардан қалған ұлағатты сөздер " тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Саудинованың ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы жазушыларының кітаптарынан (шығармаларынан) әдеби печа - куча болып өтті. /оқыған шығармаларынан 20 секундтық 20 слайд дайындап таныстырылым жасап қорғау

📌Мақсаты: Өздері оқыған кітаптарынан слайд арқылы мазмұнын жеткізу арқылы, оқырмандарды сол шығармаларды оқуға шақыру. Шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Саудинова кітап оқудың қажеттілігі, пайдасы туралы айта отырып, қазақтың Ұлы жазушыларының туындыларымен таныстырып, кітап оқуға шақырды. 27 топ студенті Қыстаубаева Ақжарқан А. Құнанбаев 17 қара сөзін 25 топ студенті О. Өтепбергенов әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының "Балқадиша" әнін анық, қысқа және айқын суреттеп көрсетті. 30 топ студенті О.Зауқымов қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі жазушы Ә. Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясынан адамзат һәм табиғат, қоршаған орта, табиғат-анаға тым қатыгез екендігін айтып үлкен бір әңгіменің шетін шығарды идеялық-эстетикалық нысанасы басқа кетеуі кеткен қоғамдық-саяси өмір өрістелген роман тыңдаушыларды қызықтырып өз бағасын алды. 27 топ студенті А. Қыстаубаева қазақтың Ұлы ойшыл ақыны Абайдың ғылым, ақыл, қайрат, жүректің диалогінен тұратын он жетінші қарасөзіндегі идеяның беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтын дәлеліне шолу жасады. 28 топ студенті І.Ықыласова қазақтың көрнекті жазушысы Б. Майлин "Шұғаның белгісі"повесінің фабуласын көзге белгілі оқиғадай өрнектеп көп еңбектенген, артында мол мұра қалдырған тұлғаның айтары мол ерекше екенін атап өтті. 28 топ студенті Г. Сердалиева. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы М. Дулатовтың "Бақытсыз жамал" романындағы әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағытын көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан композициялық талдау жасалды.


📚" Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында 1наурызда " Ұлылар үндестігі " тақырыбындағы апталықтың бесінші күні " Ұлы адамдардың қызық дағдыларды " тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Байтөреева іс - шара өткізді.

📌Мақсаты :Ұлы -бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді білім алушыларға ұғындыру, ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру,ғибратты әңгімелерден өнеге алуға тәрбиелеу. Аталар сөзімен -өсіп өнген, Бабалар бұлағынан нәр алған,Даналар өсиетінен тәрбие алған, Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен .Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.Даналарымыздың қалдырған нақыл сөздерді 27,28,29 топ білім алушылары айтып өтті.27 топ білім алушысы Қыстаубай Ақмаржан,28 топ білім алушысы Сердалиева Гүлжанай,Жолдасова Жанерке,Маралова Назерке,Ықыласова Іңкәр ғибрат әңгімелер айтып,білім алушыларға тәрбиелік мәнін түсіндіріп берді. "Әке қарғысы оқ","Ана" тақырыбында бейне ролик көрсету арқылы білім алушыларға ой саларлық ,тәрбиесі мол , бүгінгі ұрпаққа өнегелі өсиет болатынын ұғындыру болды .


"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында

"Тәлімгер не оқиды?" акциясы болып өтті

Мақсаты: Тәлімгерлер ұсынған кітаптарды оқуға студенттердің назарын аудару.


"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында

"Қалам сынығы" поэтикалық цетоны болып жатыр

Мақсаты: Бір немесе бірнеше авторлардың әртүрлі шығармаларынан жинақталған жекеленген жолдардан құралған поэзиялық шығармаларды насихаттау.


"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында

"Кітапқа құштар колледж" кітап челленджі жолданды.

Мақсаты: Оқырмандардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын қолдау мен дамытуға және әлеуетті оқырмандарды кітапханаға тартуға бағытталған акция.


"Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында

"Мұқтаждарға кітап сыйла" акциясы болып өтті

Мақсаты: Халықтың рухани байлығын дамытып, әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, оқырмандарды кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.


"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында "Менің үйдегі кітапханам " тақырыбында бейнероликтер бәйгесіне колледж студенттері өз бейнероликтерін ұсынды.
Байқаудың шарты бойынша 3 минуттық бейнероликке қатысушы өзінің үй кітапханасын таныстырып, кітаптарға қысқаша шолу жасап, сүйікті туындыларынан үзінді айтып беру еді.
Байқау қорытындысы бойынша 24 топ студенті Панабайқызы Гүлбахар белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
   

Арал көпсалалы колледжінде
Оқуға құштар колледж "жобасын іске асыру мақсатында
"Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады" тақырыбында кітапханалық квилт ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап оқуға деген қызығушылығы мен құмартушылығын артырып, құрдымға қарай құлдырап, орны толмас қасіретке ұрынбай, озық дәрежеде ұтқыр өмір сүре біруге деген, қоғамдық ортада тұлға бола білуге жетелеу.
Жапырақсыз қалса бұтақ - жетім,
Оқылмай қалса кітап - жетім.
Білімсіз болса ұрпақ - жетім.
Кітап оқымағанның - ойы жетім,
Талдай алмағанның - таңдауы жетім.

"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында Колледж кітапханасында" Не?, Қайда?,Қашан?" әдеби ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Студенттердің танымдық, интелектуалды ой - өрісін кеңейту.
Мұнда әрдайым ерекше көңіл - күй, жақсы ойын, достық жарыс бар. Ойын екі айналымда өтті, дидактикалық, логикалық, сұрақтар арқылы студенттер ақыл - ой белсенділігін ортаға салды.
Нәтижесінде студенттердің арасында әдеби сұрақтарға толық жауап беріп, белсенділік танытқан 22 топ студенті Жұбатқанов Бекзат жеңімпаз атанды.

"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында "Өз кәсібің туралы көркем әдебиет" кітапхана квилтінде кітапханашы Б Махамбетованың жетекшілігімен, колледж студенттері аудандық "Балықшылар мұражайына" саяхат жасады.Мақсаты: Толқыннан бойына рух сіңіре білген, теңізбен тағдырлас балықшылардың, туған жердің тарихы мен танымын айғақтайтын мұрасын ұлықтайтын мәдени орынмен танысу.
Мұражайда көптеген экспонаттар: түйе шана, ат шана, шығыр, көптеген кемелер мен қайықтар орналасқан. Әр кеменің сыртқы бетіне кеме капитандарының аты - жөні жазылған. Бұл экспонаттар бұдан бірнеше жылдар бұрын қолданыста болған. Бірақ, 1962 жылы Арал теңізінің тартылуына байланысты порт жабылып, порттың маңайына спорт кешені салынып, көгалдандырып ашық аспан астындағы мұражайға айналдырылған.
Мұражай экспонаттарының тарихымен мұражай қызметкері А. Аралбаева таныстырды.

Оқуға құштар колледж жобасын іске асыру мақсатындағы "Бабалар Үні" ауызша журналында халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың әдебиет үйіне колледж студенттері кітапханашы Б Махамбетованың жетекшілігімен саяхат жасады.  Мақсаты: XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі Ә Нұрпейісовтің жәдігерлерімен таныстырып, жастардың кітап оқуға ынтасын ояту.
"Соңғы парыз" - әдебиетіміздің басты тақырыбы туған жер, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар жайына арналған күрделі шығарма. "Сондай да бір күн болған, "Сондай да бір түн болған" атты екі кітаптан тұратын роман дилогияға бір күн, бір түннің оқиғасы сидырылған. Романда оқиғалы ішкі монологтар мен авторлық баяндаулар көп. Бұлардың әрқайсысын романның құрылымынан бөліп алып, микроновеллалар не әңгімелер күйінде оқып қабылдауға да болады.
Әдебиет үйін меңгерушісі Ботагөз Сарбасова таныстырды.
   

"Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында Колледж кітапханасында
"Менің өмірімді өзгерткен кітап" тақырыбында эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды
Мақсаты: Оқыған кітабының тақырыбын ашу, мазмұн дәлдігі, мәтін логикасы және қойылған талаптар үдесінен шығу.Ой тұжырымын өзін-өзі қамшылау, өмір ұстанымын таңдау арқылы тың бағыт алуға баулу.
Эссе шығармашылық сайысында өз шеберлігін көрсетіп, жүлделі орынға Ізбасаров Ерболсын
Жексенбаев Айбек. Хайыржанқызы Нұрбибі.Темірғалиқызы Жансая Кәрібаева Жамал марапатталды. Эссе шығармашылық сайысында өз шеберлігін көрсеткен он студенті Алғыс хаттармен марапатталды.
 

"AQYL BATTLE" ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ САЙЫСЫ!
Бүгін, Арал аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық орталық кітапханaмен бірлесіп, 17 қараша-Халықаралық студенттер күніне орай "AQYL BATTLE" интеллектуальды сайысын өткізді. Сайысқа Арал көпсалалы колледжі, Арал индустриальды-техникалық колледжінің студенттері және аудандық орталық кітапхана жастары қатысты. Шара барысында сайысқа қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды.
         

"Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында Колледж кітапханасында"Топтың үздік оқырманы" тақырыбында сайыс ұйымдастырылдыМақсаты: Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу, және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру.
" Топтың үздік оқырманы" бәйгесінде белсенділік танытқан колледж студенттері номинациялармен марапатталды.

"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында колледж кітапханасыда " Бір колледж - бір кітап " акциясы өтті. Акция барысында
халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" кітабына талдау жүргізілді.Мақсаты: Шығармадағы Б.Момышұлының азаматтық бейнесін, жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігі мен көркемдік сипаттын оқырман қауымға кеңінен насихаттап, Отанға деген ыстық патриоттық сезімдерін паш ету.

Колледж студенттерін кітапханашы Б.Махамбетова қалалық 4 кітапханаға "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасы арқылы жарық көрген "Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында "Ұлттық рухтың үздік туындылары" атты библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Тәуелсіз еліміздің алдағы көшін түзеп, ілгері жұрт қатарына шығаратын, инновациялық өрістерге ұластыратын, үлкен - терең білім мен ғылым екендігі даусыз. Сондықтан да жастарымыз жан- жақты болу үшін білім мен ғылымды терең игерулері керек. Келешек кілті қашанда жастардың қолында және де мемлекеттік тілге аударылған кітаптардың басты мақсаты - жоғары дәрежелі, жоғары сапалы білімнің қолжетімділігі болып табылады. Осындай бастамалардың арқасында еліміздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, еліміздің мәртебесін асқақтарына сеніміміз мол екенін кітапханашы Б.Махамбетова осы жоба негізінде келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Арал көпсалалы колледжінде қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары А.Байтуреева, Н.Саудинова және кітапханашы Б.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Әлем әдебиетінің шыңы» атты әдеби кеш өткізілді.
Кеш барысында жазушының өмірбаяны, шығармалары мен ізденістері, күллі әлемге ұлы Абайды танытып ғана қоймай, «Абай жолы» романын жазып, оның 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алғандығы туралы мол мағлұматтармен бөлісті.Кеш барысында « Абай жолы» романынан үзінді көрініс қойылып, кітапханашы Б.Махамбетова жазушы туындыларынан библиографиялық шолу жасады.

Қымбатты досым!

Арал  көпсалалы   колледжі    кітапханасы  1959   жылдан бері жұмыс жасайды. Кітапхананың кітапқорының жалпы саны 10252 данаға өсті. Оның 3782 данасы жалпы білім оқулықтары болса 3510 арнаулы пән оқулықтары , 11-і мерзімді басылымдар болып келеді. Қашықтан білім беру: дәстүр мен инновацияны  үйлестіру  аясында сандық білім беру ресурстары студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы  College SmartNation   техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталында,  жалпыға қол жетімді білім формасы енгізіліп қолданысқа ие.

Кітапхана қызметінің негізгі міндеттері

Кітапхана бүгінгі күні тез қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-білім беру кеңістігінің бөлігі болып табылады. Кітапхана ақпараттық ресурстарды жинақтаумен және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін мәдени және білім беретін, ғылыми және көмекші әлеуметтік институт болып табылады. Кітапхананы пайдалану  білім беру ұйымының  студенттер, мұғалімдер, әкімшілікке (ары қарай - Пайдаланушылар) қызмет Ережесіне  сәйкес және колледж әкімшілігі бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Кітапхана жұмысы колледж  құндылықтарына негізделген принциптерге құрылған. Сондықтан  кітапханасы жұмысының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • жеке тұлғаның түрлі интеллектуалдық және рухани дамуы, білім алуы үшін жағдай жасау;
  • колледж  оқу үрдісін ақпараттық қолдау шараларын жүзеге асыру;
  • студенттер мен оқытушылардың үздіксіз білім алуын жалғастыру және насихаттау;
  • студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау;

Ақпарат  қызметін  әдістемелік   қамтамасыз  ету.

Пайдаланушыларға кітапхана қорындағы қағаз, қолжазба құжаттары, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электронды, бағдарламалық қамтамасыз ету құжаттарына (ары қарай – Ресурстар) ашық қолжетімділік қызметін ұсынады.

Кітапхананы  мақсаты Ақпарат  қызметін  әдістемелік   қамтамасыз  ету.

Пайдаланушыларға кітапхана қорындағы қағаз, қолжазба құжаттары, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электронды, бағдарламалық қамтамасыз ету құжаттарына (ары қарай – Ресурстар) ашық қолжетімділік қызметін ұсынады.Кітапханаға қолжетімді Қолданушы  кітапхана қорымен және оқырман залында жұмыс жасап, кітапханашыдан кеңес алу мүмкіндігі бар. кітапхана қорына еркін қолжетімділігін және ресурсты уақытша пайдалануға беруін қамтамасыз етуге  негізгі баспалармен қарым-қатынас орнатып, жаңа басылымдарды меңгеруге қолдау көрсетеді. Алдыңғы қатарлы технологиялар мен компьютерлендіруді енгізе отырып, пайдаланушыларға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруде.

 

 

 

 

 


 

Кітапхана қоры – 10252 дана кітап, әдістемелік оқулықтар – 813,    оқулықтар–7343,  әдеби кітаптар-2909,    электронды оқулықтар-117