♻️Арал колледжінде студенттерге Радикализм, Эксремизм, Терроризм сияқты жат ағымдардың мемлекетке төндіретін қауіптері мен еліміздің азаматтарын дәстүрлі діни ғұрыптардан адастырып, діни экстремизмге баулып, түрлі әрекеттер жасауының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
♻️Шараның негізгі мақсаты:
1) Білім алушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
2) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
3) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру - болды.




🔰«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» акциясы Колледждің ерікті студенттері мен Арал аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құралған "Жас Толқын" еріктілер тобының мүшелері қаламыздың тұрғыны, қарт анамыздың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қажетті қол көмектерін көрсетті. Ардагер анамыз жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.






📌Арал көпсалалы колледжінің педагог-психологы Ф.Усенова 1- курс білімалушылармен "Пікірталас -жанжал емес" тақырыбында психокоррекциялық тренинг өткізді.
📌Мақсаты: • студенттер арасында жағымды ахуал қалыптастыру • позитивті көңіл-күй сыйлау • қарым-қатынасын нығайту
📌Студенттер тренинг барысында өз ойын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.




❤"ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА" АКЦИЯСЫ
🔰Қаһарлы қыстың аязында көшеде жұмыс істеп жүрген жандарға ыстық шай таратып, оларға жылулық сыйлау үрдісі соңғы жылдары дәстүрге айналып келеді.
✅Соның бір дәлелі Арал көпсалалы колледжінің директоры Нұралы Әбішовтың қолдауымен, колледжіміздің жастар жетекшісі Мереке Аралбекқызының ұйымдастыруымен, оқытушылар Н. Мұқанов, Ғ.Асқарова мен А.Ізбасқанов, студенттік парламент мүшелері бірлесіп, "Жылулық сыйла" акциясын биыл да жалғастырды.
💠Студенттеріміз қаламыздың тазалық қызметкерлеріне ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты. Күннің суығына қарамастан қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін ағайларымыз бен апайларымызға алғысымызды білдіреміз!

Апталықтың төртінші күнінде ”Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, электромонтер” циклдік пәндер бірлестігінің мүшелері Н.Тұрахметов пен Г.Нұрымбетова “Мамандық таңдау-маңызды қадам” тақырыбында іс-шара жүргізді.
Жаңа жыл құтты болсын!!!
Арал көпсалалы колледжі ерекше білім беруді қажет ететін студенттерді қолдау мақсатында “Жаңа жылдық тосын сый “- атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік кешке демеушілік жасаған ата-ана А.Сатыбаев пен Г.Қалиева, кәсіпкерлер Г.Батимова, Ж.Ақжанова, А.Жылқыайдарова және лимузин автокөлігімен кортеж ұйымдастырған бір топ азаматтарымызға алғысымыз шексіз. Мереке студенттерімізге тамаша көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Қызылорда облысының білім басқармасының 28.06.2022 жылғы № 07-16/2580 санды қатынасына сәйкес ағымдағы жылдың 27 – 29 маусым аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел - профилактикалық іс - шаралардың өтілуіне байланысты Арал индустриалды – техникалық және Арал көпсалалы колледж қызметкерлері полиция өкілдерімен бірлесіп, қала көшелеріне түнгі рейд ұйымдастырды. Рейд барысында қала орталығындағы сауда орталықтарында, көшелерде кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақытта жүрмеуін бақылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2020-06-05-14-03-34#sigFreeId42541dac7c