Created: 08 Маусым 2020
97

«Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығы»

«Аралдың – төл перзенті» тақырыбында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығына орай өткізілген тақырыптық дәріс.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетінің классигі,Халық қаһарманы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдық мерейтойы студентер арасында аталып өтілді. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдық мерейтойына арналған тақырыптық дәрісте І курс,№2 топ студенті Е.Іскендіров өмір жолынан, қазақ тілі пәні мұғалімі А.Байтөреева «Әдебиетіміздің мақтанышы болған тұлға» тақырыбында жазушы шығармаларынан мағлұматтар берді. Тақырыптық дәріске Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шөбересі Мейрамкүл Әбдірашитқызымен сұхбат өткізілді. Жазушы атамыздың Арал қаласында ашылған музейіне барып, Әбдіжәмілдің шығармасына қойылған экспонаттармен танысып қайтқан №2 топ студенттері (топ жетекшісі Ғ.Жүсіпова) алған әсерлерімен бөлісті.