Арал көпсалалы колледжі студенттерімен «ЖҚТБғасыр дерті» тақырыбында
1 желтоқсан –ХалықаралықЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне байланысты өткізілген
іс – шара туралы мәлімет
Іс –шараға Арал аудандық ЖИТС, ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жұмағұлова, Арал жастар денсаулық құрылымдық бөлімшесінің маманы М.Сайымова, колледж медбикесіГ. Құрманиязовалар қатысты. Колледж валеология пәнінің мұғалімі Г.Темірбекқызы бүгінгі күні жастар мен жасөспірімдердің бойында АИТВинфекциясының алдын алу шараларын кеңінен насихаттау мақсатында студенттер алдында слайд арқылы баяндама жасады. Колледж студенттері «Дені сау болуға құқылы» тақырыбында алдын ала дайындаған көріністерін көрсетті. Арал аудандық ЖИТС, ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жұмағұлова ХХІ ғасырдың індетіне айналған ЖИТС, оның қалай жұғатыны, одан қалай сақтану керектігі туралы слайд арқылы түсінік беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. №93 оқу тобы студенттері «Біз ЖИТС – ке қарсымыз» тақырыбында флешмоб ұйымдастырды.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/101-1-zhelto-san-khaly-araly-zh-tb-a-arsy-k-res-k-ni#sigFreeId287704498b