Created: 08 Маусым 2020
81

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні»

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне

арналған «Даланың дара тұлғасы» атты көрме туралы мәлімет

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайлы сөз болғанда: «Ол халық арасынан шыққан»,-дейді. Елбасы ауылдың қарапайым отбасында өскен,сондықтан қарапайым адамдардың қажеттіліктерімен жақсы таныс.

Колледж кітапханашысы Б.Махамбетованың 1желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмесіне Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих тағылымдары және қазіргі заман», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы», «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар» т.б кітаптары қойылған. Көрмеде әр кітаптың шығу тарихы мен рухани мұраны дамыту мәселесі өзекті әңгіме арқауы болды. Студенттер Елбасы кітаптарына байланысты өздерінің ойларымен бөлісті.