Created: 08 Маусым 2020
87

«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы»

№1 оқу тобымен өткізілген «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тәрбие сағаты туралы мәлімет

№1 топ жетекшісі З.Тәжібаеваның ұйымдастыруымен «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тәрбие сағаты болып өтті.

Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылған тәрбие сағатында топ жетекшісі З.Тәжібаева 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсзідігі күні мерекесіне байланысты қысқаша түсіндірме жасады.

Слайд арқылы Тәуелсіздігіміздің әр жылдардағы жетістіктері мен еліміздің өркендеуіне жасалған жұмыстар көрсетілді.Студенттерге сұрақтар қойылып,оларға тұшымды жауаптар алынды.

Топ студенттері Сағитжанова Дидар,Бақытбекова Ақбота,Әлменова Ақбота,Нұғман Қарақаттар Тәуелсіз елімізге байланысты жыр шумақтарын оқыды.

Тәрбие сағатына қатысқан колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.Орынбаев Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізге тоқталды.

Тәрбие сағатында Құлмырзаева Жансұлу «Алға Қазақстан» әнін орындады.

Тәрбие сағатын топ жетекшісі З.Тәжібаева қорытындылап, студенттерге Тәуелсіз еліміздің баянды болып,игілігін көре берулеріне тілектестігін білдірді.