Created: 08 Маусым 2020
89

«Өмірлері өнеге»

Арал көпсалалы колледжі жатақхана студенттерімен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында

«Өмірлері өнеге» тақырыбында өткізілген іс – шара туралы

мәлімет

Арал көпсалалы колледжі жатақхана студенттері 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Өмірлері өнеге» тақырыбында колледжімізде көп жылдардан бері бас есепші қызметін атқарып келе жатқан2-дәрежелі еңбек даңқы төсбелгісімен,Нұр Отан партиясының Құрмет грамотасымен,облыстық білім басқармасы Құрмет грамоталарыменмарапатталып,абыройлы еңбек етіп келе жатқан Үмбетов Қуандық ағайларымен кездесті.

-Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздікке қантөгізссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекетттерінің қатарына қоса алдық.Осы жылдар ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекетттер танитындай.сыйлайтындай деңгейге жеткізген Тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз – деп атап өтті, өз кезегінде Қуандық ағай. Кездесу барысында жатақхана студенттері жыр шумақтарынан өлеңдер оқып, өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Жатақхана меңгерушісі Ф.Усенова келген қонақтарына студенттер атынан рахметін жеткізіп, сый – сыйапаттарын берді.