«Ардагерлерді ардақтайық» атты Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жасалған қайырымдылық іс – шарасы туралы мәлімет
Арал көпсалалы колледжі №2 оқу тобы студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында ардагер ана Келімбетова Шолпан Махамбетқызының отбасында болды.
Топ жетекшісі Жусупова Ғалия ардагер анамен кездесу барысында колледж тарихымен таныстырып, ондағы білім мен мамандықтарда студенттер туралы баяндап берді.
Сонымен бірге бүгінгі өзімен кездесуге келген №2 оқу тобы студенті Асқаров Кадырхан алатын мамандықтары, үкіметіміздің оларға жасап жатқан қамқорлықтары, болашақ маман иесі болып шығып, жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер бар екендігі туралы айтып берді.
Студенттер ардагер анаға 15000 тенге көлемінде қажетті азық – түлік әкеліп,батасын алды. Сол сияқты студенттеріміз ардагер анамызға қолғабыс беріп, тазалық жұмыстарын жасады.
Өз кезегінде студенттер мен олардың топ жетекшілеріне Шолпан апай өзінің өмірінен мағлұматтар беріп, алғысын жеткізді.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/107-ardagerlerdi-arda-tajy#sigFreeIdd9507cad8f