Арал көпсалалы колледжінде ЖШС «АбзалПроектКонсалтинг» 8 ғимарат бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаржы сомасы 696 756 580теңгені құрайды, құрылыс сметасы бойынша 591 771 358теңге.
Ғимараттарға ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары(ішкі және сыртқы қабырғаларын бұзып қайта жөндеу жұмыстары, шатырды ауыстыру, есік, терезе ауыстыру, еден тақтайшаларын ауыстыру, ішкі қабырғаларды әрлеу, электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру жүйесін ауыстыру, су құбыры және канализация жүйесін ауыстыру, автоматты өрт дабылдарын орнату, жылыту және желдету жүйесін ауыстыру, жылу желілерін қайта жаңарту).
Күрделі жөндеу жұмысына -125адам жұмысқа тартылды. Оның ішінде: жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 50%-ы. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар саны-63 адам(тас қалаушы-10 адам, дәнекерлеуші-3адам, электрик-3адам, кафельщик-3 адам, ағаш ұстасы-6 адам, бетон құюшы-3адам, жұмысшы-15 адам, сантехник-5 адам, штукатур маляр-10 адам, монтажник-5 адам).
Келісім-шарт бойынша жұмысты аяқтау мерзімі 2020 жыл қыркүйек айы.