Кәсіподақ ұйымы марапаттады
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Арал көпсалалы колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымы колледж әкімшілігімен бірлесе отырып,онлайнмен қашықтықтан оқытып,еңбек етіп отырған оқытушыларын Мұғалімдер күнімен құттықтап,бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан оларға өткізгішсіз тышқандарды сыйлыққа берді.Оқытушыларға өз тілектерін колледж директоры Еркін Садақбаев,бас есепші Қуандық Үмбетов және кадр бөлімінің жетекшісі Гүлнәр Жұмағалиевалар білдірді.Осы мерекеге орай республикалық және облыстық кәсіподақ ұйымынан мадақтамалар мен сый-сыйапаттармен колледждің белсенді оқытушылары аталып,марапатталды.Мұғалім мәртебесін көтеру,еңбек адамын бағалай білу- бұл кәсіподақ ұйымының игі жұмыстарының бірі деп бағалаймыз, деп оқытушылар атынан Ғалия Серікбаева ұйымдастырушыларға рахметін білдірді.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/141-k-sipoda-jymy-marapattady#sigFreeId793859b01f