«Болашақ» жоғары медициналық колледжінде ұйымдастырылған «Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты апталық аясында ұйымдастырылған «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқудан облыстық онлайн сайыста 1курс студенті Төремұратов Өмірсерік «Алғыс хатпен» және 1курс студенті Нағашыбай Сандуғаш жүлделі ІІІорын Дипломммен марапатталды. Колледж директорының міндетін атқарушы О.Махашев адамзаттық құндылықтарға бастайтын осындай шарада белсенділік танытқан студенттерге және өзін-өзі тану пәні оқытушысы А.Қожамсүгірова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Байтөрееваға жас ұрпақтың жүрегіне сенім ұялатып, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып биік шыңдардан көріне беруге тілектес екенін айтып, құттықтады.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/146-sajys-zhe-impazdary-marapattaldy#sigFreeId6209070108