Created: 29 Қараша 2021
56

Студенттер қатарына қабылдау.

Арал  көпсалалы  колледжінде Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  30  жылдығына  орай  «Бүгінгі  студент  ертеңгі ел  болашағы»  тақырыбында  шара  өткізілді.      Колледж  студенттерімен  қатар  колледж  ұстаздары  мен  ата – аналар  және  аудандық  «Жас Отан  жастар  қанатының»  төрағасы  Сабырбай  Ержан  қатысты.  Қазақстанның болашағы жастар еншісінде, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып бейімделуіне  және  саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында біліміне, алатын  мамандықтарына   деген құштарлық пен ізгі сезімдерін қалыптастыру  мақсатында  өткізілген  шара  барысында  сөз  алған  директордың  орынбасарлары  Макашев  Оңғарбек  пен  Айділдаев  Бақтыбай,  ата – аналар  атынан  Аблакиева  Гаухар және Сабырбай  Ержан  студенттердің  міндеттері  мен  жауапкершіліктері  туралы,  студент  болашақ  кәсіби маман  иесі  болатынын,  еліміздің дамуы  мен  өркендеу  жолында  жақсы  оқып, қажырлы   еңбек  ету  керектігін  айта  келе,  сәттілік  тілеп,  оң  тілектерін  білдірді.  Биылғы,  яғни  2021 – 2022  оқу жылы  колледжге  қабылданған   І  курс  студенттеріне  Студенттік  билет  және  сынама  кітапшалары  табысталды.  Іс – шара  колледждің  Студенттік  парламентінің  мүшелерінің  ұйымдастыруымен   концерттік  бағдарламамен  жалғасын тапты.