Created: 29 Қараша 2021
75

Жалпыадамзаттық құндылықтар.

Арал  көпсалалы  колледжінде  Жалпыадамзаттық  құндылықтар  күніне  орай    білім  алушылардың,  педагогтердің  және  ата –аналардың  белсенді  қатысуымен  адамның  рухани – адамгершілік  әлеуетін  арттыруға,  құндылық  бағдарларын,  қоғамға  қызмет  ету  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  іс – шаралар  ұйымдастырылды.  «Сүйіспеншілік –  адамның  басты  қасиеті, ақиқат – оның  негізі,  дұрыс  әрекет  – оның  шынайы  өмірі»   тақырыбында  оқу  топтарында  тәрбие  сағаттары  өткізілді.  Қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Саудинова  Нұргүлдің  ұйымдастыруымен  жалпыазаматтық  құндылықтарға  арналған  сурет  байқауы  болып,  студенттер  салған  суреттерін  көрсете  отырып,  суреттің  мағынасын  тереңінен  түсіндірді.  Қатысушылар  Мадақтамалар және  Алғыс  хаттармен  марапатталды.