Created: 20 Желтоқсан 2021
89

Тәуелсіздікке 30 жыл

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймыз.
Бұл күн – ата–бабамыздың аңсаған арманының орындалып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік, сәтті күндер мен мол жетістіктер тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Ізгі ниет, шынайы тілекпен Арал көпсалалы колледж ұжымы