Created: 08 Сәуiр 2022
78

Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі.

Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі.Осындай өмірлік ұстаным ұстанғанбыз. Оның бір дәлелі Арал көпсалалы колледжінде колледждің психологы Феруза Үсенованың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай колледждің ерекше білімді беруді қажет ететін студенттердің қатысуымен «Денсаулық сенің байлығың»- атты шараның өткізілуі. Бұл шараға аудандық Абай ауылдық емхана психологы Ә.Сердалиева, аудандық жастар денсаулық бөлімінің маманы М.Саимова, жастар ресурстық орталығының маманы Н. Алдамұратов қатысты.
Шара барысында Абай ауылдық емхана психологы Ә.Сердалиева психологиялық танымдық жаттығуларды студенттермен бірге орындады.Жастар ресурстық орталығының маманы Н. Алдамұратов студенттермен түрлі ойындар ойнатып,логикалық сұрақтар қойды. Аудандық жастар денсаулық бөлімінің маманы М.Саимова денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттардың тигізетін әсері туралы мәлеметтермен таныстырды. Қонақтармен жүргізілген тренингтерден студенттеріміз жағымды әсер алып, өз ойларын ортаға салды.
Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай!
Колледж психологы Ф.Үсенова іс-шараны қорытындылай келе, колледждің ерекше білімді беруді қажет ететін студенттерін бірге флешмоб билеуге шақырды. Осындай шарадан студенттер ерекше әсер алып, денсаулықты салауаттылық санадан бастау алатынын ұғынып тарасты.