Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалуымен басталған жиында колледж директорының міндетін атқарушы Оңғарбек Макашев әріптестермізбен студенттерді және келген қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласында болып жатқан өзгерістерге тоқталды. Ұстаздар атынан сөз алған Нұрхан Сарбөпеев пен ата – аналар атынан ауданымыздың ардагер ұстазы Гүлнар Айтжанова шынайы құттықтауларын айта отырып, жаңа оқу жылына мол табыс пен сәттілік тіледі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбай Айділдаев оқу жылының басталуына байланысты шыққан директордың бұйрығымен таныстырды. Салтанатты жиыннан кейін барлық оқу топтарында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.