Кездесуге аудандық Орталық мешітінің найб имамы Кеңесханұлы Нұржан Кеңесханұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Отаров Әсет Жолдыбайұлы және дін мәселелерін зерттеу орталығының Арал ауданы бойынша меңгерушісі Өтегенов Жәнібек Жидебайұлы қатысып, кездесу барысында жастарға теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалмау жолдарын түсіндіріп, дін мәселелері бойынша көптеген мысалдар келтірді. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер мен жастардың бойына дұрыс діни көзқарас қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар қазақы салт – дәстүрімізді, әдеп – ғұрпымызды, ырымдарымызды, мәдениетімізді сақтап, ата - бабаларымыздың Ұлы жолымен жүру арқылы сауатты да, салауатты, мәдениетті де иманды азамат болып қалыптасудың кепілі екенін атап көрсетті. Қонақтарға колледждің Студенттік парламентінің мүшелері өз тараптарынан ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.