Қазақтың бір туар ұлы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Арал көпсалалы колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Нұргүл Саудинованының ұйымдастыруымен «Ұлттың Ұлы Ұстазы» атты әдеби кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Кеш барысында колледждің Студенттік парламент мүшелері Ұлы ұстазымыздың өмірбаяны, шығармалары, аудармалалары бойынша көптеген деректер келтіріп, мол мағлұматтардан хабардар етті. Сонымен қатар шығармаларынан көрініс көрсетіп, аударған шығармаларын оқып, көпшілікті Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың деректерімен тәнті етті. Өткізілген шараға қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Айділдаев пен колледж әдіскері А. Бәйімбетовалар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта Ұлыларымызды ұлықтау мақсатында игі шаралардың жалғасын табатынына тілек білдірді.
https://aral-akk.edu.kz/kz/2019-02-15-12-26-50/2019-02-15-12-27-42/211-ltty-ly-stazy-atty-debi-kesh-jymdastyrylyp-tkizildi#sigFreeId12dce24765