Created: 29 Қазан 2022
55

Қызылорда облыстық білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жоспарына сәйкес колледж студенттері арнайы мамандармен кездесті

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тиіспеушілік сипатындағы зорлық – зорбылық қылмыстары, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, суицидтің алдын алу бағытында ақпараттық – танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Арал аудандық Полиция бөлімі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Мырзағалиев Дулат Қуанғалиұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сы директорының міндетін атқарушы Тоқтамысов Әнуар қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледждің оқу топ жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Темірбекқызы Гүлнұр мен «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Қожамсүгірова Айгүлге Қызылорда облысының Полиция департаменті есірткіге қарсы іс – қимыл басқармасының Біліктілік арттыру сертификаты табысталды. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алысты.