Дөңгелек үстелді директордың міндетін атқарушы О.Макашев ашып, дуальды оқыту жүйесіндегі жұмыс берушімен өзара әрекеттесу туралы мәлімет берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Айдилдаев қамқоршылық кеңеспен индустриалды кеңестің жұмыс бағытымен таныстырды.Академиялық дербестіктің мазмұнын, оқу үдерісіндегі қажеттілігі мен тиімділіг туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Жаймакова келген қонақтарға таныстырды.
Дөңгелек үстел барысында қатысып отырған студенттер келген мамандарға көкейде жүрген сұрақтар қойып, өзара диалог барысында тұшымды жауаптар алды.Студенттердің өмірде өз бетінше қол жеткізген адамдар туралы мүмкіндігінше көбірек білгісі келді.Кездесу, кеңес сұрау және жай ғана өмірлік тәжірибе жинау мақсатында колледж түлегі Сабырбай Е. болашақ мамандарға өз тәжиребесімен бөлісіп, сәттілік тіледі.
Дөңгелек үстел барысында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директоры Ибраимова Лаура Қолғанатқызы және колледж директорының міндетін атқарушы Макашев Онгарбек Шакебайұлымен екі жақты келісім-шартқа отырды.
Арал ауданы әкімінің орынбасары К.Бержанов«Халыққа қызмет көрсету орталығы» директоры Л.Ибраимоваға және ҚЭТТК АҚ Арал электр торабы басшысы С. Икинге оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс хатын, «Аралтұз» зауыты директорының орынбасары Б.Көшенбаевты, «Арал құрылысы» ЖШС директоры М.Құлмырзаевты Арал ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Келген басқада қоңақтар«Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының және Арал көпсалалы колледж әкімшілігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.