Created: 28 Ақпан 2023
60

Арал көпсалалы колледжінде Энергетиктер күніне орай «Өмір өзегі электр энергиясы» тақырыбында кеш ұйымдастырылды

Арал көпсалалы колледжінде Энергетиктер күніне орай «Өмір өзегі электр энергиясы» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» бірлестігінің мүшелері Ж.Уримбаев, Р.Ешмұратова, Н.Ожанов, Р.Үсенов ұйымдастыруымен Электрик мамандығында білім алып жатқан студенттер бойында білімін кеңейту және тереңдету және тәуелсіз еліміздің білімді, адал, өнегелі, алғыр азаматтары болуға баулу, сонымен қатар жобалап – құрастырушы, монтаждап–күтіп қарау орындарында, жылуды өндіретін, тарататын, пайдаланатын мекемелерде, сондай-ақ энергетикалық жүйелер мен кешендерде, жылу электр станцияларында және ауыл шаруашылығында қызметін атқара алуға үйрету мақсатында өткізілді.
Арал ауданы бойынша электр энергиясымен халықты қамтамасыз етіп отырған іргелі мекеме біздің әлеуметтік серіктесіміз «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы Арал филалының бастығының есеп жөніндегі орынбасары Адильбаев Сакен, өндірістік-техникалық бөлім инженері Утеналиев Талапбек және көп жылдар электрик болып қызмет атқарған Құрманбаев Әділжан кеш қонақтары болды.