Created: 04 Наурыз 2023
52

Арал көпсалалы колледжінде 20 ақпан күні колледж психологы Ф.Усенованың ұйымдастыруымен "Психология - ғажайып әлем"

Арал көпсалалы колледжінде 20 ақпан күні колледж психологы Ф.Усенованың ұйымдастыруымен "Психология - ғажайып әлем" тақырыбында апталықтың ашылуы болды. Ашылу салтанаты музыка ырғағымен жаңа форматта амандасу әдісі арқылы колледж қызметкерлері мен студенттеріне таңертеңгілік жақсы көңіл-күй сыйлады. Апталықтың екінші күнінде, ұжым ортасында жылулық орнату, қарым - қатынас нығайту, бала тәрбиесімен бірігіп жұмыс жасау мақсатында "Біз - бір ұжымбыз!" тақырыбында тренинг өткізілді. Студенттердің үзілісті тиімді пайдалану мақсатында "Кел, досым" рамкасы ұйымдастырылып, естелікке суретке түсті. Апталықтың үшінші күнінде, бітіруші топ студенттерімен "Үміт пен сенім бізді алға жетелейді" психологиялық тренинг өткізілді. Апталықтың төртінші күнінде, "Ата - анаңа қоңырау шал" әлеуметтік эксперимент және "Аяулы ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлайық" тақырыбында көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Апталыққа белсене араласқан қызметкерлер мен студенттер марапатталды. Білім алушы 1 курс студенттері флешмоб биімен апталықты қорытындылады.