Арал көпсалалы колледжінде аудан әкімінің орынбасары Бержанов Кете Төлеби Досымжанұлы, аудан прокуроры Руслан Нурлыбаевич Нурлыбаев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Шегебаев Нұрбек Айтбайұлының қатысуымен Арал көпсалалы колледжі мен Арал индустриальды – техникалық колледж студенттерімен «Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында кең көлемде құқықтық сағат өткізілді. Шараның мақсаты жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, топтық төбелес, суицидтің, нашақорлықтың, кибербуллинг, қылмыс пен зорлық – зомбылықтың алдын алу бағыты болды. Кездесу барысында келген қонақтар студенттерге денсаулыққа кері әсер ететін зиянды әдеттерден аулақ болуға, нашақорлықтың, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, кибербуллинг алдын алу бағытында ақпараттар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Cонымен қатар топтық төбелес салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Шара соңында студенттер өз тараптарынан қойылған сұрақтар мен сауалдарына тиісінше жауаптар алды.