Жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында Арал көпсалалы колледжінде «Ұлт тәрбиесі – ұрпақ болашағы» атты колледж білім алушыларымен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты имандылық туралы түсінік беру, ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кездесу қонақтары аудандық орталық мешіттің найб имамы Кеңесханов Нұржан Кеңесханұлы және дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандық бөлімше меңгерушісі Өтегенов Жәнібек өз сөздерінде «Ата – бабаларымыз Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп біліп, рухани тазалықтың, ар – ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі екенін қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі тиіс» екенін айтып, жасөспірімдерді Отан иманан басталады демекші, өз Отанымызды шынайы сүйетін адал да иманды азамат болуға шақырды.