Created: 13 Сәуiр 2023
35

Арал көпсалалы колледжінде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай колледж психологі Ф. Усенова ерекше білім беруді қажет ететін

Арал көпсалалы колледжінде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай колледж психологі Ф. Усенова ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге бірін – бірі жақсы танып білуге, айналамыздағы жағымды істерді қабылдап алуға, позитивті жақсы көңіл - күйде жүру мақсатында «Жақсы көңіл - күй әлемінде» атты іс - шара ұйымдастырды. Шараны колледж директоры Н. Әбішов ашып, Рамазан айына орай ізгі ниетін білдірді және Денсаулық күнімен құттықтай отырып, өтілетін шараға сәттілік тіледі. Шараға аудандық денсаулық орталығының мамандары А.Бегалиева мен З. Кушкарова, «Арал-АС» шығармашылық тобының жетекшісі Т. Дәрмағанбетов және аудандық «Жайдарман» ойындарының қатысушылары, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Н. Алдамұратов пен «Жас толқын» еріктілер тобының мүшесі А. Әжіғұловтар қатысты. Кеш барысында «Жайдарман» ойыншылары қызықты қойылымдар қойып, қатысушылардың көңілдерін бір көтеріп тастады. Жастар ресурстық орталығы мен «Жас толқын» еріктілер тобының мүшелері студенттерге түрлі ойындар ойнатып, логикалық сұрақтар қойды. Аудандық денсаулық орталығының мамандары студенттерді сергіту мақсатында жаттығулар жасатты. Колледж психологі Ф. Усенова шараны қорытындылай келе, ұжым мүшерінің дайындаған сыйлықтарын табыстады. Шара соңында ата – аналар шығып сөйлеп, алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Осы өткізілген шарадан студенттер ерекше әсер алып, жақсы көңіл - күйде тарасты.