Арал көпсалалы колледжінде «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» тақырыбында І курстың №24 оқу тобының жетекшісі Жылдыбаева Самалдың ұйымдастыруымен ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Айділдаев өз сөзінде - Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата - ананың жауапты ісі. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында бірлесіп жұмыс жасаудың маңызды екеніне тоқталды. Шара барысында колледж педагог – психологы Ф. Усенова ата – ананың үнемі баланы бақылау, қолдау, психологиялық көмек беру керектігін түсіндіре отырып, «Бала тәрбиесіндегі ата - ана» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, ата – аналарға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Оқу топ жетекшісі С. Жылдыбаева ата – аналарға студенттердің жыл көлеміндегі сабақ барысы, мәдени іс – шараларға қатысуы және қызығушылығы мен студенттердің жеткен жетістіктері жөнінде бейне ролик көрсетті. Өз кезегінде ата – аналар «Әр - бір ата - ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынын үнемі бақылауда ұстау керектігін» айта келе, ата – аналар өз аттарынан білім мен бірге тәрбие беріп жатқан ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.
![]() |
![]() |
![]() |