«Ғасыр дерті»
Арал көпсалалы колледжінде Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында денсаулық сақтау саласы мамандарының қатысуымен бірлескен «денсаулық сағаты» болып өтті. Мақсаты студенттерді зиянды әдеттерден сақтандыру, АИТВ жұқтыруға қарсы мінез – құлық дағдысын қалыптастыру, АИТВ – ның алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Шараға қатысқан психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Жумагулова Гулнар Сахиевна мен Жастар денсаулық орталығының маманы Сайымова Мейрамкул Шортанбаевна қатысып, қазіргі індеттің ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу және өз денсаулығына әр адамның жауапкершілігін арттыруға байланысты кеңестер беріп, зиянды жат қылықтардан аулақ жүруге шақырды. Шара соңында сұрақтарға жауап берген сала мамандары жадынамалар бойынша қосымша ақпараттармен таныстырды.
Created: 31 Мамыр 2023
33