Created: 31 Мамыр 2023
28

2022 жылдың 20 желтоқсан күні кәмелетке толмаған колледж студенттеріне сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Суицидтің алдын алу және болдырмау»
Облыстық білім басқармасының «Суицидтің алдын алу және болдырмау бойынша іс – шаралар жоспарына» сәйкес Арал көпсалалы колледжінде 2022 жылдың 20 желтоқсан күні кәмелетке толмаған колледж студенттеріне сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге келген Арал аудандық емхана психологі Сердалиева Асел Есентугеловна, аудандық жалпы тәжірибелік дәрігері Бекмырзаева Назгул Есентаевна, Жастар денсаулық орталығы бөлімше маманы Сайымова Мейрамкул Шортанбаевна және Арал АПБ – ң ЖПҚ – ң ЮПТ – ның УПИ – ры полиция капитаны Калмагамбетов Аян Жубатаевичтер студенттерге өмір сүру дағдыларын мен саналы түрде салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырып, өнегелі азамат болып өсудің жолдарын айтты. Түрлі жағдайлар мен оқиғаларға байланысты мысалдар келтіріп, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Келеңсіз оқиғаға немесе төтенше жағдайларға тап болып жатса, бірінші кезекте ата – аналарына ескертіп немесе жақын адамдарымен сыр бөліскен дұрыс екендігі айтылды. Шараға колледждің І–ІІ курс студенттері қатысып, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көріп, келген сала мамандарына сұрақтар қойып, тиісінше жауаптар алды.