Created: 31 Мамыр 2023
22

"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында "Өз кәсібің туралы көркем әдебиет" кітапхана квилтінде кітапханашы Б Махамбетованың жетекшілігімен, колледж студенттері аудандық "Балықшылар мұражайына" саяхат жасады

Мақсаты: Толқыннан бойына рух сіңіре білген, теңізбен тағдырлас балықшылардың, туған жердің тарихы мен танымын айғақтайтын мұрасын ұлықтайтын мәдени орынмен танысу.
Мұражайда көптеген экспонаттар: түйе шана, ат шана, шығыр, көптеген кемелер мен қайықтар орналасқан. Әр кеменің сыртқы бетіне кеме капитандарының аты - жөні жазылған. Бұл экспонаттар бұдан бірнеше жылдар бұрын қолданыста болған. Бірақ, 1962 жылы Арал теңізінің тартылуына байланысты порт жабылып, порттың маңайына спорт кешені салынып, көгалдандырып ашық аспан астындағы мұражайға айналдырылған.
Мұражай экспонаттарының тарихымен мұражай қызметкері А. Аралбаева таныстырды.