Created: 31 Мамыр 2023
28

Арал көпсалалы колледжінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде

Арал көпсалалы колледжінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Желтоқсан айында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында оқу топтарында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқу топ жетекшілері студенттерге ар – ождан, қадір – қасиет, жауапкешілік, мейрімділік, адалдық, әділдік және басқа да адами қасиеттерді насихаттап, пікір алысып, әңгіме жүргізді. Қаңтар айында студенттік парламенттің мүшелерінің ұйымдастырумен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты бейне ролик түсіріліп, таратылды. Ақпанның 1– і күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы Қуатов Жандос, жеке адвокат Рсалиев Нұрлыбек және «Жастар рухы» Жастар қанатының жетекшісі Сабырбай Ержанның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты академиялық адалдық принциптерін нығайту және студенттік ортада сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды көрсету мен адал, әділ және бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына ықпал ету. Жалпы аталған шараларға 300 студент қатысты.