Created: 13 Маусым 2023
29

Бочча - бұл Қазақстандағы ең жас паралимпиадалық спорт түрі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауыр бұзылулары бар адамдарға арналған дәлдікпен ойналатын ойын

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З
Бочча - бұл Қазақстандағы ең жас паралимпиадалық спорт түрі. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауыр бұзылулары бар адамдарға арналған дәлдікпен ойналатын ойын.
1-3 маусым аралығында елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бочча спортынан ұйымдастырылған жарыста еліміздің барлық өңірлерінен 47 спортшы бақ сынаған болатын.
Айтулы додада Арал көпсалалы колледжінің 1 курс студенті Аманқосова Қымбат ВСМ5 класс бойынша жүлделі ІІ орынды қанжығалады.
Аталған додаға қатысып аудан мерейін көтерген жасөспірімдерді аудан әкімдігі құттықтап, ыстық ілтипатын білдіріп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, жас спортшыларға талаптарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.