Created: 13 Маусым 2023
47

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Сол себепті қазіргі таңда Арал көпсалалы колледж қызметкерлері мектеп оқушыларына кәсіби бағыт - бағдар, ақыл - кеңес беру мақсатында қала мектептерімен қатар елді мекен мен ауылдық жерлердегі мектептерді аралап оқушылармен кездесулер ұйымдастырып, мамандықтар туралы салмақты әңгіме өрбітіп, тәжірибе және әлеуметтік серіктестер туралы айтуда. Биылғы оқу жылы колледжге 9 мамандықтан 19 біліктілік бойынша оқуға оқушылардың мүмкіндігі бар. Қазіргі күні қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да заман талабына сай мамандықты игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен - күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.