Арал көпсалалы колледжінде жазғы емтихандық сессияның өтілу кезеңіне сәйкес «Таза сессия» акциясы жүргізілуде. Емтихандық сессия – студент өміріндегі ең жауапты кезең. Біздің міндетіміз сессияларды таза да адал өткізу. Бұл, ең алдымен, еліміздің болашағы – жастарға айрықша әсер етеді.
Таза сессияның негізгі мақсаты — студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық сезімін қалыптастыру, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.