Created: 15 Маусым 2023
157

ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес

ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Арал ауданындағы Психоәлеуметтік кабинетінің дәрігері Жұмағұлова Гүлнар Сахиқызының қатысуымен Арал көпсалалы колледжінде І курс студенттеріне адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертінің алдын - алу, одан сақтана, қорғана білу жолдары туралы түсіндіру бойынша еркін тақырыпта танымдық сағаты өткізілді. Алғы сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Айділдаев сабақтың мақсаты бойынша қысқаша тоқталды. Сабақтың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттерге жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу болды. Дене тәрбиесінің мұғалімі Ғ. Жүсіпова мен колледж медбикесі Қ. Құрманиязова студенттерді АИТВ - инфекциясы мен ЖИТС - тің берілу жолдары мен алдын алу шаралары, жөнінде түсіндіріп, әр адам өз денсаулығына мұқият және ұқыпты қарауды қалыптастыру керектігі туралы хабардар етті. Кездесу соңында Гүлнар Сахиқызы студенттердің сұрақтарына жауап берді.