Арал көпсалалы колледжінде 5 қыркүйек - А. Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы» тақырыбындағы шаралар барысында І курс студенттеріне танымдық сабақ өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айнұр Байтөреева студенттерге Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, публицист Ахмет Байтұрсынұлы туралы кеңінен таныстырып. өмір және еңбек жолын әңгімеледі. Студенттер ақындарымыздың Тілге арнап шығарған өлең шумақтарын оқып, мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде және әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатыны жайлы өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.



