Created: 16 Қантар 2024
22

Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Арал көпсалалы колледжінде оқу – жаттығу жиыны болып өтті

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасына сәйкес Білім беру орындарындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 2023 жылдың 21 қыркүйек күні Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Арал көпсалалы колледжінде оқу – жаттығу жиыны болып өтті. Сонымен қатар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері колледж студенттеріне «Ашық есік күнін» өткізілді. Іс - шараның мақсаты төтенше жағдайлар қызметінің маңыздылығын, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден – бір сала екенін түсіндіріп, ТЖ қызметін дәріптеу және өз Отанына қызмет етем дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталды. Шара барысында ТЖ қызметкерлері студенттерді техникалармен, өрт сөндіру және қорғану құралдарымен таныстырып, қалай қорғану керектігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттеріміз бұл мамандықтың елімізге аса қажет екенін түсініп, зор әсерде қалды.