Created: 16 Қантар 2024
41

Еңбек күні

Матниязова Гульнар Кадиржановна 1963 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Қаладағы Т. Г. Шевченко атындағы №13 мектептің 8-сыныбын үздік бітіріп, 1978-1982 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қазақ қыздар педагогикалық училищесінде «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарында оқыту» мамандығы бойынша оқыған. 1982-1987 жылдарда Ақтөбе педагогикалық институтын «Қазақ мектебінің орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы аудандағы №237 Жаршағыл орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 1989 жылдан бастап қазіргі Арал көпсалалы колледжінде өз мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді. Жұмысшы мамандарын дайындау үдерісінде табысты еңбек етіп, өз біліктілігін көрсетіп, шеберлігін шыңдап, шығармашылық жетістіктерін көрсете білді. Соның нәтижесі ретінде «Склонение имен существительных», «Тіл пәндерін оқытуда қолданылатын диактикалық материалдар» әдістемелік құралдары облыс көлемінде таратылды, өте жиі республикалық ақпараттық-танымдық, оқу-әдістемелік басылымы «Кәсіптік білім көкжиегі» газетінің бетінде, сонымен қатар республикалық «Русский язык в казахстанской школе», «Литература в казахстанской школе», «Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім» журналдарында, облыстық «Сыр мектебі», «Ұстаз үні» газеттерінде, интернет сайттарында педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп отырады. Кәсіптік білім саласының ұстаздары арасында өткізілген сайыстарда алдыңғы қатардан көрінді: «Үздік жалпы пән оқытушысы -2016» сайысында «Іскер ұстаз» номинациясын, «Үздік кәсіби орыс тілі пәнінің оқытушысы -2017» сайысында «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясын, Арал көпсалалы колледжі бойынша «Үздік мұғалім» сайысының 2018, 2020, 2021,2022 жылдардағы жеңімпазы атанды. Білім алушылардың орыс тілін білуге деген құштарлығын арттырып, оларды республикалық, облыстық олимпиадаларға, конференцияларға қатыстырып, жақсы нәтижелерге жеткізді. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларының арасында 2018 жылы өткізілген ауданаралық олимпиадасында Жасаев Ізбасар ІІ орынды, ал 2019 жылы өткізілген облыстық олимпиадасында Тұлпаров Нұрдәулет І орынды иеленді. Осындай еңбегінің арқасында колледж әкімшілігінің, Нұр Отан партиясының, аудан әкімінің, облыстық кәсіподақ комитетінің грамоталарымен, 2017 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасының «Үздік педагог» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Дипломымен, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.