Created: 19 Қантар 2024
30

15-19 қаңтар 2024 жылы аралығында колледждің 65 жылдық мерейтойына орай алғашқы іс –шаралардың бірі ретінде «Кәсіби өзара байланыс жүйесі-сапалы білім беру негізі»

15-19 қаңтар 2024 жылы аралығында колледждің 65 жылдық мерейтойына орай алғашқы іс –шаралардың бірі ретінде «Кәсіби өзара байланыс жүйесі-сапалы білім беру негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқу болып жатыр.Оқудың мақсаты: - педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін арттыру; -озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату; - ұсынылған жұмыстардың деректер банкін құру (есептің электронды нұсқасы және басып шығару). Бірінші күні күні колледж директоры Н.Әбішов колледждің мерейтойлық іс-жоспарына, қысқаша тарихына шолу жасап, ашып берді. Шараны ұйымдастырушыларға сәттілік тілей отырып, педагогикалық ұжымға шығармашылық табыстар тіледі. Жоспарға сай 15.01 күні колледж әдіскері А.Баймбетова «Оқытудың интерактивті әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өткізді. Семинар барысында сабақта қолданылатын интерактивті тәсілдер туралы , оларды сабақта қолдану тәртібімен, әдіс-тәсілдердің артықшылғы мен кемшілігіне тоқталып, ерекшелігін түсіндірді. Сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдерді: «Миға шабуыл», «Кейс», «Кластер», ролдік ойындар , «Аквариум» т.б. сабақта қалай қолдануға болатындығын практика жүзінде көрсетті. Семинар соңында сабақта сабақ берудің интерактивті тәсілдерін қолдануға шақырды.