16.01. күні жоспарға сай педагог-зерттеуші орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы Г.Матниязова «Оқытушының сөйлеу мәдениеті – педагогикалық шеберліктің бір бөлігі» тақырыбында семинар өтті. Семинарды: «Сөздің құдыреті» туралы нақыл сөзден бастап , «Сабақ дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеді. Сабақ барысында мұғалімнің сөйлеу мәдениеті арқылы оқушының қоғамдық санасының қалыптасуына мұғалімнің ролі ерекше екенін айта отырып, сөйлеудің критерийлеріне тоқталып, сабақтың сапасын арттырушы қасиеттерге назар аудартты. Сабақтағы оқытушының әрекеттері, студенттің сөйлеу мәдениеті, балалармен қалай сөйлесу керек деген сұрақтарға педагогтармен бірге жауап іздеу барысында әртүрлі тақырыпқа сай жағдаяттарды ұжыммен бірге шешті. Семинар «Нағыз ғажайыптар тек дұрыс, шабыттандыратын және мейірімділікпен айтылатын сөздермен жасалуы мүмкін» деген қанатты сөзбен аяқталды. Сол күні колледж кітапханашысы Б.Махамбетова жаңадан кітапхана қорына «Фолиант» баспасынан келіп түскен оқулықтармен таныстыра отырып, мамандықтарға сайқажетті оқулықтарды «TALAP» КЕАҚ сайтынан, интернет-дүкендерден, басқадай баспалардан алу жолдарын түсіндіріп, библиографиялық шолу жасады.
Created: 19 Қантар 2024
36