Физика пәні мұғалімі Г.Жансүгірова мен математика пәні мұғалімі М.Махамбетрзаева, химия пәні А.Қуанышбаеваның ұйымдастыруымен апталыққа колледжіміздің «65» жылдығы мерейтойына орай ардагер ұстаздар математика пәні мұғалімі Н.Көптілеуова мен химия пәні мұғалімі А.Айназарова қатысып, өскелең ұрпаққа тілектестігін білдіре отырып апталықты ашып берді.
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, білім алушылардың математика, физика және химия пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және мақсатқа жете білу мен бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелеу, жолдастық пен ауызбіршілікке жетелеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Таңдап көріп, ұтып ал!» , «Кім жылдам?...» ойындары ойналып, оқушылардың шапшаңдығы мен ой ұшқырлығы, білімі мен біліктілігі сыналды.
Түрлі есептерді шығарып, тапсырмаларды орындау барысында қиындықтар туындап жатады. Г.Жансүгірова мен М.Махамбетрзаева осы қиындықты жеңудің оңай жолдарымен бөлісті. Студенттер ардагер ұстаздарға жүрек жарды тілектерін жеткізіп, сыйлықтар табыстады. Іс шараны колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Жаймақова қорытындылап, белесенділік танытқан білім алушыларға ризашылығын білдірді.