Created: 01 Наурыз 2024
32

"Оқуға құштар колледж"

"Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында 26 ақпанда " Ұлылар үндестігі " тақырыбында "Қоғамдық- гуманитарлық " пән бірлестігі апталығының ашылуы болып өтті.Мақсаты: Қазақ топырағынан шығып, бүкіл әлемді мойындатқан және күллі адамзатқа ортақ қағидаттарды қалыптастырған халқымыздың мақтаныштары: Ұлы жазушылардың шығармаларын, дана ақындары, ғұлама ойшылдардың өлеңдерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып - білуге, тани түсуге ынталандыру. Ақыл - ой, сана - сезім, өнер- талап, Нақ ұста осыларды, тұрма қарап. Өзендей тұсыңнан тез ағып өткен, Өкініп қалма бекер түйіп қабақ. Қарама салқын көзбен дүниеге, Жатсын тек айналаңа нұрын тарап, Әрқашан туған елдің кәдесіне - дей келе колледж кітапханашысы Б Махамбетова алдағы аптаның жоспарымен таныстырды. Шарада студенттер поэзияның екі алыбы Абай мен Пушкиннің Отан туралы, туған табиғат сұлулығы, достық, махаббат туралы өлеңдерін оқыды.