Created: 01 Наурыз 2024
23

" Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында "Ұлылар үндестігі" тақырыбында " Қоғамдық - гуманитарлық " пән бірлестігі апталығының екінші күні "Жақсы кітап жан азығы" тақырыбында подкаст болып өтті

" Оқуға құштар колледж " жобасын іске асыру мақсатында 27 ақпанда "Ұлылар үндестігі" тақырыбында " Қоғамдық - гуманитарлық " пән бірлестігі апталығының екінші күні "Жақсы кітап жан азығы" тақырыбында подкаст болып өтті. Әр тыңдарман ішіндегі батырды оятып, өмірлік миссиясын табуға жігерлендіру. Кеш қонағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова подкаст білім алудың тиімді жолдары, оқуға құштарлық тақырыптарын қамтиды дей келе ақпаратты қабылдап, оның ішінде керегін тұтыну маңыздылығы турасында ой қозғады. Бүгінге дейін 50 миллион данамен сатылған Луиза Хейдің «Өмірің өз қолыңда» қазақ тілінде жарияланған шығармасын ұсынды. Кітаптың басты идеясы сана мен тән бір-бірімен байланысы турасында егер тәніңіз ауырса, оның басты себебін санадан іздеген жөн.Ойыңыз өзгермей өзіңіз де өзгере алмайсыз деп, бұл ойдың ақиқатына кітап авторының өмірі дәлел екенін айтып таныстырды.Тұлғалық даму, позитивті ойлау және психология туралы ақыл-кеңестер, мотивациялық ойлар, түрлі тақырыптарды қозғай келе Наполеон Хиллдің «Ойлан да байы.» кітабының қазақ тіліне аударылған нұсқасын ұсынды. Кітаптың қаймағы ретінде аударылған бұл кітапшаға бақыт пен құрметке жету үшін жиі кедергі келтіретін қорқынышымызбен, күмәнімізбен, өз-өзімізге деген сенімсіздігімізбен күресудің жолдарын тілге тиек етті. Білімді ала білу — жүре бітетін дағды. Подкаст қонақтары нені және қалай үйренгенін, қандай қателіктер жібергенін, білім жолында кездескен қиындықтардан шығу жолдарын айтты. Көпшілікке белгілі тележүргізуші, танымал журналист өмірден озса да сөзі қалған, есімі ел есінде Бейсен Құранбектің «Бейсен және болмыс» кітаптабына экзистенциялық талдау жасалды. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, өмірде ұстанған 7 қағидасы жан-жақты түсіндіріп талдады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әртүрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Айділдаев қазіргі ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана, тазалығын сақтау жолдарын іздеу қажеттілігі, дін, тәуелсіздік, кітап нарығы сияқты тақырыптарын қамтыды. Ұйымдастырушы Б.Махамбетова.